Қазақстандық боксшы Бибарыс Әшірбай Сенегал астанасы Дакарда өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алды. Ол ақтық сында Ұлыбритания өкіліне есе жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан намысын қорғаған Бибарыс Әшірбай финалдық кездесуде британдық Майкл Моэнмен шаршы алаңға шықты.
Жекпе-жектің алғашқы раундынан бастап Ұлыбритания спортшысы басымдық танытты. Қазақстандық боксшы да қарсыласымен тартысты бәсеке өткізгенімен, төрешілер жеңісті британдық былғары қолғап шеберіне берді. Нәтижесінде Майкл Моэн 4:1 есебімен жеңіске жетіп, жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.
Ал Бибарыс Әшірбай жарысты екінші орынмен аяқтап, күміс жүлдеге ие болды.