«Самұрық-Қазына» АҚ өз қызметін штаттық режимде жалғастырып жатыр

Бүгін, 17:33 / Алуа Арман
«Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі

«Самұрық-Қазына» АҚ мен қор тобының компаниялары өз қызметін штаттық режимде жалғастырып жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Инвесторлар, кредиторлар, халықаралық қаржы институттары және іскерлік серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер өз күшін сақтайды және қолданыстағы келісімдердің талаптарына сәйкес орындалады.

Қордың инвестициялық жобалары мен стратегиялық бағдарламалары бекітілген жоспарларға сәйкес іске асырылып жатыр.

Қор қаржылық және институционалдық тұрақтылығын сақтап, стратегиялық қызметтерді орындауды жалғастыруда әрі қазақстандық және халықаралық инвесторлар үшін сенімді серіктес болып қала береді.

«Самұрық-Қазына» АҚ өз міндеттемелерінің өзгеріссіз қалатынын және барлық серіктестерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті екенін растайды.

Тэгтер:

ҰҚК Самұрық-Қазына тергеу Отыншиев Жақыпов