Шарын әлемнің үздік 20 шатқалының қатарына енді

Бүгін, 16:28 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Қазақстандағы Шарын шатқалы халықаралық The Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 100 каньон мен шатқалдың арасында 17-орынға ие болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шарын шатқалы аталған рейтингте Қазақстан бойынша бірінші орынға тұрақтады.

Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ерекше жартастарымен, геологиялық құрылымдарымен және көркем табиғатымен танымал Шарын шатқалы халықаралық деңгейде жоғары бағаланды.

The Worldworthy 100 – келушілердің пікірлері мен ұсыныстары, журналистік зерттеулер және ашық дереккөздердегі мәліметтер негізінде жасалатын тәуелсіз редакциялық рейтинг. 2026 жылғы тізімге әлемнің 46 елінен 100 каньон мен шатқал енгізілген.

Халықаралық рейтингтің қорытындысы бойынша Worldworthy редакциясы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне арнайы сертификат жолдады.