Ақмола облысында 76 келі балықты заңсыз сатқан азаматқа айыппұл салынды

Бүгін, 15:07 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сандықтау аудандық сотында тиісті құжаттарсыз балықты заңсыз сатып алып, тасымалдағаны үшін Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.

2026 жылдың қазанында «Қарасора» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында полиция қызметкерлері Т.-ның басқаруындағы автокөлікті тоқтатқан. Автокөліктің жүк салғышынан шығу заңдылығын растайтын құжаттары жоқ, жалпы салмағы 76 кг балық өнімдері табылған. Атап айтқанда: мөңке – 33 кг, шортан – 32 кг, алабұға – 8,5 кг, тұқы – 2,5 кг.

Сотта Т. әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісіп, балықты қайта сату мақсатында сатып алғанын, алайда тиісті құжаттарды рәсімдемегенін түсіндірді.

Жаза тағайындауда, сот құқық бұзушы Т.-ның жасын (1941 жылы туған, зейнеткер), материалдық жағдайын, жасаған ісіне өкінетінін және әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескерді. Осы мән-жайларды негізге ала отырып, ӘҚБтК-нің 819-бабының 2-бөлігін қолданумен салынатын айыппұл мөлшері 30 пайызға қысқартылды.

Сот қаулысымен Т.-ға әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған тәркіленген балық өнімдерін тәркілей отырып, 30 275 теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Тэгтер:

Айыппұл Ақмола облысы балық Сандықтау