«Самұрық-Қазына» Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты пікір білдірді

Бүгін, 14:56 / Алуа Арман
Самұрық-Қазына

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен «ҚТЖ» басшысы Елжас Отыншиев бүгін сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Самұрық-Қазына» АҚ қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповтың ұсталуына қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта уәкілетті органдар тиісті тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қор Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында қажетті өзара іс-қимылды қамтамасыз етіп, сұратылған ақпарат пен материалдарды ұсыну арқылы құқық қорғау органдарына жан-жақты қолдау көрсетіп отыр», – деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ баспасөз қызметі.

Қор өкілдері бұдан басқа мәлімет ұсынбады.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Астанадағы «Атлант» тұрғын үй кешенінің маңында шашылып жатқан долларға ұқсас банкноттар мен чемодандар бейнеленген видеолар тараған еді. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыповтың ұсталған сәті болуы мүмкін деген фотосурет жарияланды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 қарашада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ басшысы Елжас Орыншиевтің ұсталғанын хабарлады. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінген. Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге мән-жайы жария етілмейді.

Тэгтер:

ҰҚК тергеу ҚТЖ Самұрық Қазына Отыншиев Жақыпов