Алматыда кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді

Бүгін, 12:51 / Інжу Әлихан
istockphoto.com

Алматыдағы №1 қалалық перзентханасында кіндігі мойнына алты рет оралған сәби дүниеге келді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Дәрігерлердің айтуынша, әдетте кіндік бауының ұзындығы 50-70 см болса, бұл нәрестеде ол 2 метрге (200 см) жеткен. Дәл осы ерекшеліктің арқасында қан айналымы бұзылмай, балаға оттегі тапшылығы қаупі төнбеген. Абырой болғанда, ешқандай асқыну жағдайы болмаған.

Анасы табиғи жолмен аман-есен босанған. Олардың жағдайы қазір жақсы.