15 қараша, жексенбі күні Алматыда биылғы жүгіру маусымын қорытындылайтын City Run жарысы өтеді. Оны «Бірінші болуға батылдық» корпоративтік қоры қала әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырады. Биыл жарысқа 20-дан астам елден 2 500 адам қатысады. Осыған байланысты жарыс өтетін күні қаланың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жүгіру жарысына байланысты сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін маршрут бойындағы кейбір көшелерде көлік қозғалысы шектеледі. Спортшылар өткен жол бөліктері біртіндеп көлік қозғалысына қайта ашылады.
Жарыс «Астана» алаңынан басталып, осы жерде аяқталады. Осыған байланысты 15 қараша күні сағат 04:00-ден 12:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан даңғылына дейінгі бөлігінде екі бағыттағы көлік қозғалысы толық тоқтатылады.
- Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Төле би көшесінің Абылай хан даңғылынан Наурызбай батыр көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады;
- Сағат 08:00-ден 10:00-ге дейін Наурызбай батыр көшесінің Төле би көшесінен Құрманғазы көшесіне дейінгі бөлігі толық жабылады;
- Сағат 08:00-ден 09:35-ке дейін Бөгенбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады;
- Сағат 08:00-ден 09:15-ке дейін Қабанбай батыр көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады;
- Сағат 08:00-ден 08:55-ке дейін Шевченко көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады;
- Сағат 08:00-ден 08:35-ке дейін Құрманғазы көшесінің Наурызбай батыр көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі бөлігі толық жабылады.