Жетісу облысының тұрғыны TikTok-та балағат сөздер айтқаны үшін қамалды

Бүгін, 11:34 / Інжу Әлихан
Polisia.kz

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзу дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Белгілі болғандай, Алакөл ауданы Үшарал қаласының 38 жастағы тұрғыны тікелей эфир барысында бейәдеп сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Аталған дерек бойынша ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.