Пәкістанда белгісіз адамдардың шабуылынан 11 полицей қаза тапты

Бүгін, 10:57 / Алуа Арман
Фото: Anadolu

Пәкістанның солтүстік-батысында полиция қызметкерлеріне жасалған қарулы шабуыл салдарынан кемінде 11 полицей қаза тауып, тағы 12-сі жараланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Хайбер-Пахтунхва провинциясының Кохат ауданында болған. Белгісіз біреулер заңсыз алтын өндіруге қарсы операцияға бара жатқан полиция қызметкерлеріне оқ атқан.

Жергілікті полиция өкілі Мұхаммад Науман Зебтің хабарлауынша, шабуылдаушылар қызметтік бес көлікті де өртеп жіберген.

Соңғы айларда өңірде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне жасалатын шабуылдар жиілегені атап өтілді.

ACLED халықаралық мониторинг ұйымының мәліметінше, Пәкістандағы террористік шабуылдар саны төрт есеге жуық өскен. Атап айтқанда, 2022 жылы 658 шабуыл тіркелсе, 2025 жылы олардың саны 2 425-ке жеткен.

Тэгтер:

Пәкістан шабуыл полиция қызметкері