Петропавлда жиһаз цехында жұмыс істейтін 30 жастағы ер адам ауыр жарақат алып, оң қолының төрт саусағынан айырылып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz сайты Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам циркулярлы арамен жұмыс істеу кезінде абайсызда оң қолын жарақаттаған. Салдарынан оның төрт саусағы кесіліп кеткен.
Зардап шеккен жұмысшы Петропавл қалалық көпбейінді ауруханасына жеткізілді. Қазір оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.