Семейде тұрғын үй жанынан ер адамның мәйіті табылды

Бүгін, 10:46 / Алуа Арман
istockphoto.com

Абай облысында 60 жастағы ер адам көпқабатты үйдің жанынан өлі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 11 қарашада сағат 13:53-те болған. Ер адам биіктіктен құлап, көз жұмған. Марқұм 60 жаста болған.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, объективті және жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Тэгтер:

Семей