Абай облысында 2 жастағы бүлдіршін пәтерде қамалып қалған

Бүгін, 09:01 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Семей қаласында Абай облысының «112» пультіне пәтерлердің бірінде кішкентай баланың жалғыз қалып, кіреберіс есікті өздігінен аша алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына келген ТЖМ қызметкерлері арнайы құралдардың көмегімен есік құлпын бұзып, кіреберіс есікті ашты. Пәтер ішінде 2024 ж.т. бала болған. Оған медициналық көмек қажет болмады.

ТЖМ ескертеді: кішкентай балаларды тіпті қысқа уақытқа да қараусыз қалдырмаңыздар. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, жазатайым оқиғаларға әкелуі мүмкін жағдайлардың алдын алыңыздар.