«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
12 қарашада Павлодар, Жезқазған, Ақтөбе, Астана қалаларында және күндіз Алматы қаласында ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Бұған дейін Екібастұзда экологиялық талаптарды бұзған кәсіпорын 70 млн теңгеге жуық айыппұл төлеген болатын.
Сондай-ақ Солтүстік Қазақстан облысында экологиялық талаптарды орындамаған 16 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды.