Доллар бағасы 444 теңгеге дейін түсті

Бүгін, 17:30 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,46 теңгеге төмендеп, 444,76 теңгені құрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұлттық банк 11 қарашаға белгілеген доллардың ресми бағамы – 447,52 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы – 445,33 теңге, сату бағамы – 447,19 теңге. Астанада долларды орта есеппен 443 теңгеден сатып алып, 450 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды сатып алу бағамы – 444,6 теңге, сату бағамы – 447,48 теңге.

Еске салайық, 2 қарашадағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, 6 қарашада 4,02 теңгеге төмендеген еді. Ал 9 қарашада 1,76 теңгеге өсіп, 10 қарашада 1,3 теңгеге қайта төмендеді.

Тэгтер:

Доллар Валюта теңге биржа нарық қор