Ақтауда әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында 19 жастағы Бейнеу ауданының тұрғыны Диана Жаңбырханның TikTok желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқаны анықталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған дерек бойынша бойжеткен ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.
Полиция әлеуметтік желілерде де әдеп нормаларын сақтап, қоғамдық тәртіпті бұзбауға шақырады. Заңға қайшы әрекеттер жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.