Атырау қаласы әкімінің орынбасары болып Айдолат Кенжебеков тағайындалды. Тиісті өкімге қала әкімі Данияр Таханов қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Айдолат Кенжебеков 1987 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2008 жылы облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасында бастаған. Әр жылдары бас маман, бөлім басшысы және басқарма басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
2019-2022 жылдары Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылдың желтоқсанынан бастап осы тағайындауға дейін облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
Атырау қаласының әкімі Данияр Таханов жаңа орынбасарына қызметіне табыс тілеп, қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді жүйелі түрде шешуге ерекше назар аударуды тапсырды.