Мемлекет басшысы Мәскеуге барды

Бүгін, 05:31 / Нұрлан Әлинұр
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Мәскеуге барды.

Президентті әуежайда Ресей үкіметінің өкілдері қарсы алды.

Ресейдің ҰҚШҰ-ға төрағалығы аясында 10–11 қараша аралығында Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық форум өтіп жатыр.

Форум бағдарламасы Еуразиялық тұрақтылық пен қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылға арналған 20-ға жуық тақырыптық іс-шараны қамтиды.