Қазақстанда бұқа экспортына салынған тыйым тағы 6 айға ұзартылды

Бүгін, 07:16 / Нұрлан Әлинұр
Agropresskz

Ауыл шаруашылығы министрінің 2026 жылғы 5 қарашадағы бұйрығымен бұқаларды Қазақстаннан әкетуге салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды.

"Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге ірі қара малдың бұқашықтарын әкетуге алты ай мерзімге тыйым салынсын", – делінген құжатта.

Бұйрық 2026 жылғы 9 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді.

Қазақстанда бұқа экспортына тыйым 2025 жылғы шілдеде енгізілген. Содан бері оның мерзімі бірнеше рет ұзартылды.