Алматыда жолаушыларға толы екі автобус соқтығысты

Бүгін, 22:21 / Жамбыл Жайлау
pixabay.com

Алматыда екі жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Оқиға 10 қараша күні Абай даңғылында болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жол-көлік оқиғасы күндізгі сағат 13:00 шамасында "Бауыржан Момышұлы" метро станциясының маңында тіркелген.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, SAZ маркалы автобустың жүргізушісі Абай даңғылымен шығыс бағытта қозғалып келе жатып, алдында тоқтап тұрған Golden Dragon автобусына соқтығысқан.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, №78 бағыттағы автобус №136 бағыттағы автобустың артқы бөлігіне соғылған. Соқтығыс болған сәтте екі қоғамдық көліктің ішінде де жолаушылар болған.

Абырой болғанда, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Жолаушылар мен жүргізушілердің ешқайсысына медициналық көмек қажет болмаған. Қазіргі уақытта Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Тэгтер:

Автобус Алматы