Ақтауда күзетшіні жұмыстан заңсыз шығарған компания 2 млн теңге төлейтін болды

Бүгін, 17:36 / Інжу Әлихан

Ақтау қаласының №2 сотында бұрынғы күзетші Б.-ның «К» ЖШС-не қатысты еңбек дауы жөніндегі талап қоюы қаралды. Талап қоюшы жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу туралы бұйрығын заңсыз деп тануды, жұмысқа қайта орналастыруды және тиісті төлемдерді өндіруді сұраған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Б. 2016 жылдан бастап «К» ЖШС-де күзетші болып жұмыс істеген. Алайда жұмыс берушінің 2026 жылғы 20 ақпандағы №42-к бұйрығымен еңбек міндеттерін дәлелді себептерсіз бірнеше рет орындамағаны үшін жұмыстан босатылған.

Жұмыстан шығаруға жұмыс берушінің күзетшінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде бекітілген күзет орнында болмағаны және ұялы телефон пайдаланғаны туралы тұжырымдары негіз болған.

Іс материалдарын, бейнебақылау камераларының жазбаларын және тараптардың уәждерін зерделей келе, сот жұмыстан шығару заңсыз деген қорытындыға келді. Атап айтқанда, жұмыс беруші күзетшінің өз еркімен күзет орнын тастап кеткенін немесе күзетілетін нысанды қараусыз қалдырғанын растайтын объективті әрі шынайы дәлелдемелер ұсынбаған.

Сонымен қатар, сот 2026 жылғы 28 қаңтарда қатты аязға байланысты күзетшінің жылыну және бейнебақылау камералары арқылы аумақты бақылау мақсатында ғимарат ішінде болуын негізді деп таныды.

Сот жұмыс берушінің ашық ауада қызмет атқаратын қызметкерге тиісті жылыну жағдайларын қамтамасыз етпегенін де ескерді. Осыған байланысты күзетшіден үнемі далада болуды талап ету әділдік пен парасаттылық қағидаттарын ескере отырып, негізсіз деп танылды.

Сот шешіммен істі қарау нәтижесінде сот талап қоюшының талаптарын қанағаттандырды.
Атап айтқанда: