Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 447,52 теңгені құрады. Осылайша, АҚШ валютасы 1,3 теңгеге арзандады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкі 10 қарашаға белгілеген доллардың ресми бағамы – 448,98 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 447,4 теңге, сату бағамы 449,27 теңге болып отыр. Астанада доллар орта есеппен 445 теңгеден сатып алынып, 452,06 теңгеден сатылуда. Ал Шымкентте АҚШ валютасын сатып алу бағамы орта есеппен 446,71 теңге, сату бағамы 449,61 теңгені құрайды.
Еске салайық, 27 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге, 28 қазанда 1,1 теңгеге өскен еді. 29 қазанда 3,22 теңгеге төмендесе, 30 қазанда 0,27 теңгеге қымбаттады.
2 қарашада доллар бағамы 0,13 теңгеге, 3 қарашада 0,22 теңгеге, 4 қарашада 0,24 теңгеге, 5 қарашада 0,85 теңгеге, ал 6 қарашада 4,02 теңгеге арзандады. 9 қарашада АҚШ валютасы 1,76 теңгеге қымбаттаған болатын.