Өскеменде 45 жастағы жергілікті тұрғын көпқабатты тұрғын үйдің подъезінде қабырғаны бояумен шимайлап, ортақ пайдаланылатын мүлікке зиян келтірген, деп хабарлайды turkystan.kz.
Аталған әрекеті үшін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 4-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен оған 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Полиция ескертеді: ғимараттардың қасбеттері мен басқа да қоғамдық орындар өз бетінше сурет салып, жазу жазатын жер емес. Мұндай әрекеттер қаланың көркін бұзып қана қоймай, басқа тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүру құқығына нұқсан келтіреді. Әр адам ортақ мүлікті бүлдіру заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын түсінуі тиіс.