Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ тілі» қоғамының қызметін шын мәнінде халықтық мүддені көздеген іс деп айтуға толық негіз бар екенін баса айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Қазақ тілі» қоғамы осы жұмыстың алғы шебінде тұрған іргелі ұйым. Бәріміз бұл Ұйымды қолдауымыз керек.
Қоғам құрамында үш жылдан бері Qazaq Tili Endowment Qory жұмыс істеп тұр. Мен өзім де бұл маңызды бастамаға қолдау көрсеттім.
Ел азаматтары да осы игі іске өз үлесін қосуда. Кәсіпкерлеріміз де өз ынтасын көрсетіп, «Қазақ тілі» қоғамына белсенді түрде қаржылай жәрдем беретініне күмәнім жоқ.
Тіл – халық қазынасы. Сондықтан Ұйымның бұл қызметін шын мәнінде халықтық мүддені көздеген іс деп айтуға толық негіз бар», – деді Қ. Тоқаев Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Х құрылтайында.