Жасөспірімдер Олимпиадасы: боксшы Ақнұр Тұрсынғали жартылай финалға шықты

Бүгін, 07:17 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан ширек финалдық жекпе-жектер басталды.

Бүгін, 9 қарашада Қазақстан атынан Ақнұр Тұрсынғали шаршы алаңға шықты.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Сенегал өкілі Хадидиату Буаромен жұдырықтасты.

Үш раундтың қорытындысы бойынша Ақнұр Тұрсынғали 5:0 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға жолдама алды.