Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы Заманбек Нұрқаділовке ұқсайтын азаматты кездестірді

Бүгін, 06:17 / Нұрлан Әлинұр
Әлеуметтік желіден

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовке қатты ұқсайтын азаматпен кездескенін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші бұл кездесу оған ерекше әсер еткенін әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Өнер иесінің сөзінше, Аман есімді азаматтың келбеті оған Заманбек Нұрқаділовтің жастық шағын еске түсірген.

«Зәкеңе ұқсайтын Аман бауырыммен кездесіп қалдық. Зәкеңнің 50 жасы көзіме елестеп кетті», – деп жазды әнші.

Айта кетейік, Заманбек Нұрқаділов мемлекет және қоғам қайраткері болған. Ол Алматы қаласының әкімі қызметін атқарып, мемлекеттік басқару саласында бірқатар лауазымды қызметте еңбек еткен. Қайраткер 2005 жылдың қарашасында өмірден өтті.