Жетісуда тас пен топырақты заңсыз өндіріп, мемлекетке 115 млн теңге шығын келтіргендер анықталды

Бүгін, 15:59 / Алуа Арман
istockphoto.com

Жетісу облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы республикалық маңызы бар «Алматы – Өскемен» автомобиль жолын күрделі жөндеу кезінде тас пен топырақты заңсыз өндіру фактісін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мердігер ұйымның тиісті рұқсат құжаттарынсыз тау беткейінен тас пен топырақ өндіріп, оларды жол құрылысына негіз ретінде пайдаланғаны анықталды.

Алдын ала есептеулер бойынша заңсыз жер қойнауын пайдалану салдарынан мемлекетке келтірілген залал 115 млн теңгеден асты.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабы 3-бөлігінің 3) тармағымен (жер қойнауын өз бетінше пайдалану) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Тергеу барысы Жетісу облысы прокуратурасының бақылауында.

Экологиялық заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және өңірдің табиғи ресурстарын қорғау бағытындағы жұмыс жалғасуда.

Тэгтер:

Жетісу облысы Топырақ тас