Жаңбыр, қар, көктайғақ: Жақын күндері ауа-райы қандай болмақ?

Бүгін, 15:36 / Алуа Арман
istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 10–12 қараша аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады деп күтіледі. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын жауып, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Сондай-ақ көктайғақ құбылыстары болжанады. Тек еліміздің батысында 11–12 қараша күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі», – делінген хабарламада.

Республика бойынша жел күшейіп, түнгі және таңғы уақытта тұман түседі деп болжанып отыр.

Ауа температурасына келсек, күндіз еліміздің батысында +3...+12°C, солтүстік-батысында 0...+8°C, солтүстігінде, шығысында және орталығында -3...+5°C, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +2...+10°C болады.

 

Тэгтер:

ауа райы Қазгидромет Жаңбыр Қар Көктайғақ