Маңғыстау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы 118 жер қойнауын пайдаланушының келісімшарттық және лицензиялық міндеттемелерінің орындалуын зерделеді , деп хабарлайды turkystan.kz.
Зерделеу нәтижесінде заң бұзушылықтарға жолберген жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қабылданып, мемлекет пайдасына 226,6 млн теңге өндірілді.
Сонымен қатар, сот шешімдері негізінде екі жер қойнауын пайдаланушымен жасалған келісімшарттар тоқтатылды. Кадастрлық құны 175,7 млн теңге болатын екі жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Прокуратура жер қойнауын пайдалану саласында мемлекет мүддесін қорғау бойынша жұмысты жалғастырады.