Павлодарда 13 жастағы баланың аяғы бетон плитасының астында қысылып қалған

Бүгін, 12:10 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Павлодар қаласында құтқарушылар аяғы бетон плитасының астында қысылып қалған 2013 жылы туған баланы құтқарды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ТЖМ қызметкерлері оқиға орнына жеткенде дереу авариялық-құтқару жұмыстарына кірісіп, гидравликалық авариялық-құтқару құралын пайдалана отырып баланы бетон плитасының арасынан босатты.

Зардап шеккен бала жедел жәрдем көлігіне жеткізіліп, медицина қызметкерлеріне тапсырылды.

ТЖМ ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады!