Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында балық аулауға шыққан төрт ер адам құтқарушылардың көмегіне жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қараңғы түскен кезде балықшылар бағыт-бағдарынан жаңылып, қалың қамыстың арасынан өз беттерінше шыға алмаған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел жетті. Ер адамдарды тапқан құтқарушылар оларды көліктеріне дейін ертіп апарды.
Бақытымызға орай, оқиға ешқандай зардапсыз аяқталды. Ер адамдарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: балық аулауға шыққанда қараңғы түсу уақытын ескеріп, жергілікті жердің ерекшеліктерін назарға алыңыз және қайту бағытын алдын ала жоспарлаңыз. Үйге қайтуды кешкі уақытқа қалдырмаңыз.