Боксшы Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты

Бүгін, 07:08 / Нұрлан Әлинұр
ҰОК

Қазақстандық боксшы Марал Төлепберген Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Бұрымды боксшымыз 54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатыр.

Марал алғашқы жекпе-жегінде Ұлыбритания өкілі Калси Джаямен жұдырықтасты. Нәтижесінде қазақстандық боксшы 3:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Марал Төлепберген жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты.