Екі облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Бүгін, 16:58 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақмола және Павлодар облыстарындағы республикалық маңызы бар бірнеше автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" комнаиясы хабарлады.

"2026 жылғы 8 қарашада сағат 17:20-дан бастап жазғы дөңгелектермен жабдықталған автокөліктердің барлық түріне жолға шығуға тыйым салынды", - деп жазылған хабарламада.

Ақмола облысында:

"Астана – Көкшетау – Петропавл – РФ шекарасы" автожолының 18–232 шақырым аралығы (Астанадан Щучинск қаласына дейін);

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 16–200 шақырым аралығы (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).

Павлодар облысында:

"Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы" автожолының 200–254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті кентіне дейін).

Жолдарды 2026 жылдың 9 қарашасында сағат 09:00-де ашу жоспарланған.

Қосымша ақпарат алу үшін 1403 байланыс орталығына тәулік бойы хабарласуға болады.