Алматы тауларында туристер қалып қойды

Бүгін, 22:56 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Алматы облысының Қарасай ауданында, Сәтбаев шыңының маңында 4317 метр биіктікте екі турист құтқарылды, деп хабарлайды ТЖМ.

2006 жылы туған екі жас жігіт таңертең тауға шығып, төмен түсу кезінде өздігінен қозғала алмай қалған.

Көмекке келген Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары оларға қажетті көмек көрсетіп, таудан аман-есен түсірді.

Жас жігіттер медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Кейін үйлеріне өз бетінше қайтқан.