"Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA – 2026 қорытынды турнирінің алдағы ұтыс ойынынан бас тартты.
"Мен барлық жанкүйерлеріме және мені қолдайтындарға, өкінішке орай, биылғы жылы WTA қорытынды турнирінен шығуға мәжбүр екенімді өкінішпен хабарлаймын. Менде керемет маусым болды, бірақ қазір жарысқа физикалық түрде дайын емеспін. Мен үйде біраз демалып, денсаулығымды қалпына келтіремін. Наурыз айында Индиан-Уэллске оралуды асыға күтемін"- деп жазды Рыбакина.
Рыбакинаның орнына кортқа украиналық теннисші Марта Костюк шығады. Ол 1-ші топтағы алғашқы матчын чехиялық Линда Носковаға қарсы өткізеді.
Қазақстандық теннисші турнирдің қазіргі чемпионы саналады.
Тақырып бойынша ұсыныс