Сахнада балағат сөз айтқан әзілкешке айыппұл салынды

7 қараша, 2026 / Нұрлан Әлинұр
istockphoto

Астанада әзілкешке қатысты әкімшілік іс қаралды.
Аықталғандай стендап-комик қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде өнер көрсету барысында көрермендердің алдында балағат сөздер айтып, айналасындағыларға құрметсіздік танытқан.

Сот отырысында ол өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сондай-ақ айыппұл түріндегі жаза тағайындауды сұрап, алдағы уақытта мұндай құқық бұзушылықтарға жол бермейтінін айтты.

Сот шешімімен оған 20 АЕК мөлшерінде, яғни 81 100 теңге айыппұл тағайындалды.