Алматыда асханадан өрт шықты

Бүгін, 10:26 / Нұрлан Әлинұр
Видеодан скриншот

Түнде Алматының Түрксіб ауданындағы асхана өртенді. Құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рихард Зорге көшесіндегі өрт туралы хабар "112" шұғыл қызметінің пультіне түскен. Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері ғимараттың шатыры мен бірінші қабаты жанып жатқанын анықтады.

"Өртті сөндіру барысында құтқарушылар ғимараттан жеті газ баллонын алып шықты. Оның бесеуінің көлемі 50 литр, ал екеуінің көлемі 20 литр болған. Осылайша қосымша қауіптердің алдын алды", - делінген хабарламада.

Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.