Қазақстан мен Иордания: Сенім мен достық алаңы

Бүгін, 14:45 / Túrkistan Gazeti
Ақорда

Кеше Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн Қазақстанға ресми сапармен келді. Келіссөз аясында Мемлекет басшысы Иор­дания Королі ІІ Абдалла бен әл-Хусейн­нің Қазақстанға ресми сапары елдеріміз ара­­сын­дағы берік достықты, өзара құрмет пен ын­ты­мақтастықты көрсететінін атап өтті.

– Иордания – араб әлеміндегі уақыт те­зі­­нен өткен сенімді серіктесіміз. Кейінгі жыл­­дары ықпалдастығымыз қарқын ала бас­тады. Біз арамызда орнаған түрлі дең­гей­дегі берік саяси диалогты жоғары баға­лай­мыз. Былтыр екіжақты қарым-қатынас үшін ерекше кезең болды, бір-бірімізге са­пармен бардық. Келіссөздер қорытындысы бойын­ша бірлескен мәлімдеме қабылданды, сондай-ақ министрліктеріміз бен ве­дом-ство­ларымыздың және іскерлік орта өкіл­дерінің арасында көптеген құжатқа қол қойыл­ды. Мұның бәрі көпжақты ынты­мақ­тастығымызды одан әрі ілгерілетуге септігін ти­гізді, – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан өзара мүд­деге сай барлық салада қол жеткізілген уағ­даластықтарды нақты іске асыруға баса мән беретініне тоқталды. 
Экономикалық ықпалдастық қазақ-иордан қарым-қатынасының негізгі қоз­ғаушы күші болып қала береді.  Сонымен қа­тар академиялық және ғылыми байла­ныс­тарды нығайту, өзара туристер ағынын арт­тыру арқылы мәдени-гуманитарлық ын­тымақтастықты кеңейтудің әлеуеті зор.

Мемлекет басшысы екі елдің халық­ара­лық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мә­селелерді шешу тәсілдері ұқсас екеніне на­зар аударып, Иордания Королінің достық бай­ланыстарды нығайтып, қос халықты жа­қындастыруға қосқан үлесін жоғары ба­ғалады.

– Сіздің көреген басшылығыңызбен Иор­дания парасаттылық әрі байыптылық үлгісін көрсетіп, халықаралық аренада Таяу Шығыс және одан тысқары аймақтардағы бей­бітшілік пен тұрақтылықтың дәйекті жақ­таушысы ретінде кеңінен танылды. Осы орай­да, Қазақстан Өзіңіз он жылдан аса уа­­қыт бұрын бастаған Ақаба процесін жо­ға­ры бағалайды. Мұндай форматтағы кез­де­суге Орталық Азияда алғаш рет ұйым­дас­тырушылардың бірі ретінде қатысу – біз үшін үлкен мәртебе. Сессия бүгінде аса өзек­ті саналатын жасанды интеллект сала­сын­дағы қауіпсіздік тақырыбына арналып отыр. Саммит Орталық Азия өңірінің ұста­ны­мын білдіріп, бейбітшілік пен қауіп­сіз­дікті сақтау жөніндегі бірлескен күш-жіге­рі­мізге тың серпін сыйлайтынына сенім­ді­мін, – деді Президент.

Король ІІ Абдалла бен әл-Хусейн ықы­лас­пен қарсы алғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстан мен Иор­данияны бұрыннан келе жатқан қарым-қа­тынас, өзара құрмет, сондай-ақ бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту ісіндегі ортақ ұстаным байланыстыратынын жеткізді.

– Өзіңіз еске салғандай, былтыр бір-бі­рі­­­­­міздің елімізге жасаған сапарларымыз екі­­жақты қарым-қатынасты ілгерілетуге ерек­ше серпін берді. Біз қол жеткізілген уағ­да­лас­тықтарды одан әрі өрбітіп, сауда, ин­вес­тиция, туризм, технология және қор­ға­ныс секілді негізгі бағыттарда ынты­мақ­тас­тықты кеңейтуге ниеттіміз, – деді Иор­да­ния Королі.
Король ІІ Абдалла Ақаба процесі аясын­да­ғы кездесулердің жаңа раундын бірлесе ұйым­дастырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа шынайы ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл екі елдің қауіпсіздік саласындағы өңірлік және жаһандық сын-қатерлерді шешуге бейілдігін көрсетеді. Осы орайда, Иордания Королі өңірлік қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм мен экстремизмге қарсы күрес ісінде Қа­зақ­станмен ықпалдастықты кеңейтуге мүд­делі екенін растады. 

Айта кетсек, Қазақстан аймақтық және жаһандық қауіпсіздікті, радикализмге қар­сы күресті жақтайтын мемлекет ретінде Иор­данияның бұл бастамасын және бұған дейін­гі жаһандық бейбітшілік бастамаларын қол­дайды.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Иор­дания Королі II Абдалланы Al-Farabi ор­денімен марапаттады. Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Король II Абдалла­ның елі­мізге сапарын Қазақстан мен Иорда­ния­ның стратегиялық серіктестігі тереңдей түс­ке­ні­нің айқын көрінісі деп атады. Президенттің пайымдауынша, жоғары деңгейдегі қарқын-ды ықпалдастық ортақ басымдықтарды және екіжақты ынты­мақ­тас­тықтың күн тәртібін ілгерілетуге қо­лай­лы жағдай туғызады.

– Біз Иорданиямен сан қырлы байла­ныс­тарды жоғары бағалаймыз. Еліміз Сізді бүкіл әлемде беделі биік көрнекті әрі көре­ген көшбасшы ретінде біледі. Сіздің тегеу­рін­ді, байыпты басшылығыңызбен Иорда­ния бейбітшілік пен тұрақтылықтың, абы­рой мен әділеттің мекені, сондай-ақ қар­қынды даму үстіндегі инновация мен ор­нықты өсім орталығы ретінде танылды. Әлем­дік қоғамдастық Сіздің ой-пікіріңізге құ­лақ асады, жаһандық диалогты өрбітуге елеу­лі түрде ықпал етіп келесіз. «Ақаба про­цесі» бастамасы Сіздің халықаралық қауіп­сіз­дікті күшейтуге әрдайым бейіл екеніңізді анық көрсетеді. Ертең Астанада Иорда­ния­мен бірлесіп осы бастама аясындағы кезекті сам­митті өткіземіз. Бұл – біз үшін үлкен мәр­тебе, – деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы Король II Абдалланы Қазақстанның жақын досы санайтынын айт­ты.

– Қазақстан мен Иорданияның арасын­дағы достық байланыстарды нығайтуға қосқан елеулі үлесіңіз үшін Сізге Al-Farabi ор­денін табыстау – мен үшін зор мәртебе. Бұл жоғары награданың атауы Шығыстың ұлы ойшылының құрметіне қойылды. Әл-Фарабидің мұрасы қаншама буынды қанат­тандырып, адамгершілік шамшырағы бо­лып келеді. Ол саяси ой-сананың, ғылым мен әдебиеттің қалыптасуында баға жетпес та­рихи рөл атқарды. Әл-Фараби күллі араб әле­мінің жүрегіне жол тапқан ақылдың кені іс­петтес. Оның ешқашан өзектілігін жой­май­тын даналық, үйлесім және бірлік турал­ы ұлағатты ойлары – мәдениеттері­міз­дің ортақ қазынасы. Біз Сіздің осынау ізгі құндылықтарды дәріптеуге қосқан үле­сіңізді жоғары бағалаймыз. Аталған мәр­те­белі марапаттың алғашқы иегері болып отырсыз. Мұны тарихи уақиға деп санай­мыз. Осы жоғары награданы Қазақстанның Сізге деген риясыз құрметінің белгісі ре­тін­де қабыл алыңыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Король II Абдалла Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевты Иордан Ха­ши­мит Корольдігінің жоғары мемлекеттік наградасы – al-Hussain ibn Ali орденімен марапаттады. 

– Мен үшін Иордан Хашимит Король­дігінің жоғары наградасына ие болу – зор мәртебе. Бұл орден Сіздің текті әулетіңіздің абы­ройын асырған тұлғаның есімімен ата­лады. Оның ар-ожданы, сенімі мен нанымы, туған еліне адал қызметі ұрпаққа үлгі болып келеді. Осы жоғары награданы еңбегімнің бағалануы ғана емес, ең алдымен, халық­тарымыз арасындағы берік достық пен өзара құрметтің белгісі деп санаймын. Бұл Қа­зақстан мен Иордания арасындағы бай­ла­ныстардың тығыз әрі дәйекті түрде ны­ғайып келе жатқанын айғақтайды. Сіздің екі­жақты ынтымақтастықты одан әрі іл­герілету ниетіңізді жоғары бағалаймын, – деді Мемлекет басшысы.

Аl-Hussain ibn Ali орденін 1949 жылы Иор­дания Королі I Абдалла бен әл-Хусейн әкесі – Мекке шарифі Хусейн бен Әлидің (1853-1931 жж) құрметіне тағайындаған. Ол Хашимиттер әулетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі болған.

Орденді табыстау Иордания Королі тара­пынан көрсетілген айрықша құрметтің бел­гісі әрі жоғары деңгейдегі саяси сенімнің айғағы саналады.