Белгілі физик Манат Мәуленбайұлы қайтыс болды

Бүгін, 11:41 / Інжу Әлихан
Қазақстанның халықаралық ғылым және технологиялар қауымдастығы

Қазақтан шыққан белгілі физик, ғалым әрі өнертапқыш Манат Мәуленбайұлы өмірден өтті. Қаралы хабарды Қазақстанның халықаралық ғылым және технологиялар қауымдастығы (QIST) мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Манат Мәуленбайұлы ғылыми жолын Қытай ғылым академиясында бастаған. Кейін Нобель сыйлығының лауреаты, профессор Самуэль Тингтің ғылыми тобына қосылған.

Ғалым Швейцариядағы Цюрих федералдық технология институтында (ETH Zürich) және Еуропалық ядролық зерттеулер ұйымында (CERN) жұмыс істеген. Кванттық электродинамика саласы бойынша докторлық дәрежесін алған.

Кейін АҚШ-қа қоныс аударып, іргелі физикадан медициналық технологиялар саласына бет бұрған. 2025 жылы өкпе обырын ерте анықтауға арналған жасанды интеллект негізіндегі медициналық бейнелеу технологиясын әзірлейтін AIxSCAN, Inc. компаниясының негізін қалаушылардың бірі болды.

Қазақстанның халықаралық ғылым және технологиялар қауымдастығы Манат Мәуленбайұлының халықаралық ғылым мен инновация саласына қосқан үлесін атап өтіп, оның отбасы мен жақындарына, әріптестеріне көңіл айтты.

Тэгтер:

АҚШ ғалым физик Манат Мәуленбайұлы