Актер Олжас Абай Дариға Бадықовамен қарым-қатынасына байланысты әлеуметтік желіде айтылып жүрген сын-пікірлерге жауап берді. Өнер иесін кейбір желі қолданушылары біреудің отбасына араласты деп айыптаған. Алайда актер мұндай пікірлермен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Олжас Абай Аман Тасығанға берген сұхбатында мәлімдеді.
Актердің сөзінше, «біреудің әйелін тартып алды» деген әңгіме шындыққа жанаспайды. Ол Дариға Бадықовамен арадағы қарым-қатынастың өз ретімен өрбігенін жеткізді.
«Біреудің әйелін тартып алды деген – дұрыс емес ұғым. Расымен де, ондайдан Құдай сақтасын. Біреудің әйелін тартып алсам, “тартып алдың” деп айтатын еді ғой. Болмаса, өзім де “тартып алдым” деп айтар едім. Мүлдем олай емес. Мұның барлығы өз ретімен болған жағдай», – деді Олжас Абай.