«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
2026 жылғы 6 қарашада Алматы, Талдықорған, түнде Павлодар, Өскемен қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.