Алматыда салынып жатқан екі қабатты ғимараттан өрт шықты

Бүгін, 22:08 / Жамбыл Жайлау
ҚР ТЖМ

Алматы қаласында құрылыс жүріп жатқан ғимараттан өрт шығып, оның екінші қабаты мен шатыры отқа оранды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға 5 қараша күні Медеу ауданындағы «Зеленстрой» бау-бақша серіктестігінің аумағында болған.

ТЖМ мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде салынып жатқан екі қабатты нысанның жоғарғы қабаты мен шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Құтқарушылар бірден өртті ауыздықтауға кірісіп, жалынның ғимараттың басқа бөліктеріне таралуына жол бермеу үшін қажетті шараларды қабылдаған.

Жедел жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде өрт 150 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Ведомствоның хабарлауынша, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің неден шыққанын анықтап жатыр. Төтенше жағдайдың нақты себебі әзірге белгісіз.

Тэгтер:

Алматы өрт