Ақмола облысында теміржолда күкірт шашылып, өрт шықты

Бүгін, 17:04 / Інжу Әлихан
ТЖМ

Степногорск қаласына қарасты Ақсу кентінің маңындағы теміржолда күкірт шашылып, салдарынан өрт шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ақмола облысы ТЖД бөлімшелері өртті 1 шаршы метр алаңда сөндірді. Жүк вагоны құрамнан ажыратылып, қауіпсіз қашықтыққа сүйреп әкетілді. Төгілген зат орны инертті материалмен өңделді.

Зардап шеккендер жоқ. Тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ.

Оқиға орнында ТЖД бөлімшелерінің кезекшілігі ұйымдастырылды. Уәкілетті қызметтер қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр.