Үндістанда қайықтар аударылып, 11 құтқарушы із-түзсіз жоғалып кетті

Бүгін, 16:55 / Алуа Арман
istockphoto.com

Үндістанның оңтүстігіндегі Телангана штатында екі қайықтың аударылуы салдарынан кемінде 11 құтқарушы із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті билік өкілдерінің мәліметінше, оқиға сәрсенбі күні кешке арнасынан асқан Бетупалли көлінде болған. Ол Телангана штатының әкімшілік орталығы Хайдарабад қаласынан шығысқа қарай 274 шақырым жерде орналасқан.

Құтқару операциясы кезінде құтқарушылар мінген екі қайық аударылып кеткен.

Жергілікті шенеуніктердің хабарлауынша, құтқарушылар су тасқыны салдарынан қиын жағдайға тап болған бес балықшыны эвакуациялауға бара жатқан.

Бұған дейін Үндістанның оңтүстігіндегі Андхра-Прадеш штатына соққан «Мурасу» күшті циклоны туралы жазған едік. Салдарынан бірнеше елді мекенді су басып, жолдар бүлінген.

Тэгтер:

Қайық үндістан құтқарушы