Қостанайда қарияның өліміне күдікті 17 жастағы бозбала ұсталды

Бүгін, 12:38 / Алуа Арман
istockphoto.com

Қостанайда полицейлер 86 жастағы қарияның өліміне күдікті жігітті ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Қостанай қаласындағы тұрғын үйлердің бірінің ауласынан зорлық-зомбылық белгілері бар 86 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктінің кім екенін анықтап, ұстады. Ол – 17 жастағы жасөспірім болып шықты.

«Күдікті жергілікті кәмелетке толмаған тұрғын болып шықты. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, қайғылы оқиға 30 қазанда болған. 1940 жылы туған зейнеткер Кубеев көшесіндегі үйінің ауласына серуендеуге шыққан. Белгісіз біреулер қарияның тамағын кесіп, оқиға орнынан бой тасалаған.

Тэгтер:

күдікті Полиция қылмыс Жасөспірім Қостанай қария бозбала