Маңғыстауда Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр

Бүгін, 12:24 / Алуа Арман
видеодан скриншот

Маңғыстау облысында Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр. Ұзындығы 50 шақырым болатын трасса 90-жылдары салынған, деп хабарлайды turkystan.kz.

«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, содан бері жолға күрделі жөндеу жүргізілмеген. Жобаны келер жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жол пайдалануға берілген соң көрші елге қатынайтын көліктердің жүру уақыты екі есе қысқармақ.

«Жетібай – Жаңаөзен – Түрікменстан Республикасының шекарасы» автожолының 179-229 шақырымы аралығында күрделі жөндеу жүріп жатыр. Былтыр жазда басталған құрылысқа 132 арнайы техника мен 200-ге жуық жергілікті тұрғын жұмылдырылған. Қазір 50 шақырым жолдағы жер жұмыстары аяқталып, қиыршықтас-құм қоспасы, геотекстиль және асфальтбетон төселген. Құрылысқа толықтай отандық материалдар қолданылып жатыр.

 

Тэгтер:

Маңғыстау облысы Түрікменстан автожол трасса