Мемлекет басшысы Қазақстан мен Өзбекстан арасында кеден қызметі өкілдіктерін ашуды көздейтін келісімді ратификациялау туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Ақорда мәлім етті.
"Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген хабарламада.