Ақтауда борышкерлерден 135 млн теңге алимент өндірілді

Бүгін, 10:08 / Алуа Арман
istockphoto.com

Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен биыл алимент алушылардың пайдасына 134,8 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оның ішінде алимент бойынша борышкерлерден 2 пәтер, 1 жер учаскесі мен 3 автокөлігі тәркіленіп, берешек есебіне өндіріп алушыларға берілді.

Мысалы, жеке сот орындаушының берешекті анықтау туралы қаулысына сәйкес борышкердің берешек сомасы 37,8 млн теңгені құраған.

Тексеру барысында борышкердің атында Toyotа Land Cruiser маркалы автокөлігі бар екені анықталды.

Жеке сот орындаушымен аталған автокөлік 25,5 млн теңгеге бағаланып, берешекті өндіру мақсатында өндіріп алушының пайдасына берілді.

Ал басқа жағдайда, азаматтан берешек өндіру мақсатында 13,4 млн теңгеге бағаланған пәтердің үлесі өндіріп алушының пайдасына берілді.

Одан басқа, кірістерін жасырып, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарған 46 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 11 борышкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді.

Прокуратура алимент төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті ескертеді және азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады.

Тэгтер:

алимент Ақтау берешек борышкер өндіру