Жамбыл облысында автокөлік керек-жарақтарын сататын дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тараз қаласындағы Бөлтірік шешен көшесінде автокөлік керек-жарақтарын сататын жеке тұрған дүкеннен өрт шықты.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіруге кірісіп, оны 20 шаршы метр аумақта толығымен сөндірді. Өрттің одан әрі таралуына жол берілген жоқ.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.