Павлодар мектептерінің бірінде оқитын екі оқушы қызға қатысты зорлау дерегі тексеріліп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, ықтимал оқиға туралы мектептің психологиялық қызметі жеке профилактикалық жұмыс жүргізу барысында білген. Осыдан кейін мектеп әкімшілігі кәмелетке толмаған қыздардың ата-аналарына хабар беріп, құқық қорғау органдарына жүгінген. Сондай-ақ оқушы қыздарға психологиялық көмек ұйымдастырылған.
Павлодар облысы полиция департаменті білім беру мекемесінен тиісті ақпарат түскенін растады.
«Полиция екі қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта тергеу аясында қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Тергеу мүддесіне байланысты әзірге істің өзге мән-жайлары жария етілмеді.