Қостанай облысында пайдаланылмаған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Бүгін, 16:45 / Алуа Арман
istockphoto.com

Сарыкөл ауданының прокуратурасы жер заңнамасы талаптарының сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жекелеген жер учаскелері ұзақ уақыт бойы мақсаты бойынша, оның ішінде мал шаруашылығы қызметін жүргізу үшін пайдаланылмағаны анықталды.

Мәселен, 2021 жылы мал шаруашылығы базасын салу үшін берілген 3 гектар жер телімі өз мақсатына сай пайдаланылмай, нысанның құрылысы жүргізілмеген.

Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде кадастрлық құны 9 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Болашақта ол кәсіпкерлік субъектілеріне инвестициялық жобаларды іске асыру, жаңа бизнес объектілерін құру және ауданда ауыл шаруашылығы қызметін дамыту үшін берілуі мүмкін.

Прокуратура пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтау және оларды экономикалық айналымға тарту бойынша жұмысын жалғастыруда.

Тэгтер:

Қостанай облысы жер телімі Жер учаскесі